
Кеген аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық үшінші сессиясы.
2026 жылдың 30 наурыз күні сағат 11:00 де Кеген аудандық мәслихатының кезектен тыс XLIIl сессиясы өтті.
Сессияда қаралған күн тәртібінде сегіз мәселе болды.
1. Кеген аудандық мәслихатының төрағасы А. Нұғманның VIII сайланған аудандық мәслихаттың қызметін ұйымдастыруда 2025 жылы атқарған жұмыстары жайлы есебі;
2. Кеген аудандық мәслихатының «Кеген ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2025 жылдың 29 желтоқсанындағы № 41-186 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;3. Кеген аудандық мәслихатының «Кеген ауданының ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2025 жылдың 29 желтоқсанындағы № 41-187 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4. Аудандағы туристік нысандарға баратын автокөлік жолдарының жағдайы, оларды жөндеу мақсатында бюджеттен бөлінген қаражат көлемі, жөндеуден өткізілетін жол учаскелері, орын алып отырған проблемалары мен оның шешу жолдары туралы Кеген ауданы әкімінің орынбасары М. Исаевтың есебі;
5. Аудан көлемінде денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелері
мен тұрғындарға қызмет көрсету деңгейін көтерудің жолдары туралы ШЖҚ «Кеген аудандық ауруханасы» КММ директоры Қ. Байкубесовтың есебі;
6.Кеген ауданындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы;
7.Аудандық мәслихаттың «Халықты әлеуметтік қорғау, еңбекпен қамту, тіл, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, туризм, азаматтардың құқықтарын қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық бірлестіктермен жұмыс, бұқаралық ақпараттық құралдары жөніндегі тұрақты комиссиясы» төрағасының 2025 жылы атқарған жұмыстары жайлы есебі.
8.Мәслихат төрағасы А. Нұғманның кезекті еңбек демалысы туралы.
Аталған сегіз мәселе бойынша ұсыныстар қаралып, шешім қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kegen/press/news/details/1190177?lang=kk

Жауап қалдыру