
2026 жылғы 31 наурызда Курчатов қалалық мәслихатының кезекті отыз тоғызыншы сессиясы болып өтті. Сессия жұмысына Курчатов қаласының әкімі Б.Т. Абдралиев, Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Е.Д. Битолеуов және қала кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары қатысты.
Сессияда келесі сұрақтар қаралды:
1. 2025 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы.
- «Курчатов қаласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысы туралы» (Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы, сүзгі станциясын жөндеу, автожолдарды қайта жаңарту).
- Әртүрлі.
2025 жылғы бюджеттің атқарылу мәселесі бойынша Курчатов қаласының әкімі Б.Т. Абдралиев тыңдалды.
Кірістер 4 721,3 млн теңгені құрады, нақтыланған бюджет 4 330,7 млн теңге болғанда, өсім 390,6 млн теңгеге жетті.
Есепті кезеңде қала бюджетінің шығыстары нақтылаулар мен түзетулерді есепке алғанда 4 816,7 млн теңгені құрады.
Қаралған сұрақтар негізінде депутаттар 2025 жылғы бюджеттің атқарылуы жайлы есепті бекітіп, жергілікті атқарушы органдарға бюджет қаражатын жоспарлау және жұмсау кезінде бақылауды күшейту және дебиторлық және кредиторлық берешектің алдын алу бойынша жұмысты жалғастыру жөнінде бірқатар ұсыныстар берді.
Курчатов қалалық мәслихаты

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kurchatovmaslihat/press/news/details/1190745?lang=kk

Жауап қалдыру