Мемлекеттік қызмет-маңызды міндет.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2014 жылдан бері мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп келемін. Ең алғашқы еңбек жолымды Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Ономастика бөлімінде жетекші маман ретінде бастадым. 2018 жылы басқарма жанынан құрылған «Ресурстық тіл орталығына» ауысып, Мониторинг бөлімінде маман болып жұмыс істедім. Уақыт өте келе бөлім меңгерушісі қызметіне көтеріліп, бүгінде аталған орталықтың директоры лауазымын атқарып отырмын.

 
12 жылдық еңбек тәжірибем мен үшін тұрақтылық пен тиянақтылықтың мектебі болды. Осы жылдар ішінде кәсіби тұрғыда шыңдалуыма, тәжірибе жинақтауыма әріптестерім мен басшыларымның қосқан үлесі зор. Алғаш ресми хат жазудан бастап, ұжымды басқару мен жүйелі жұмысты үйлестіру қабілеті – бәрі тәжірибемен қалыптасты.

Басшылық лауазымға келу мен үшін жауапкершілікті екі есе арттырды десем болады. Себебі ұжымдағы ұйымшылдық пен көңіл күй көп жағдайда басшыға байланысты. Ал бұл факторлардың жұмыс нәтижесіне тікелей әсер ететіні анық. Сондықтан тек бұйрық беруші басшы ғана емес, әріптестеріңе түрлі өмірлік жағдайларда қолдау көрсететін, ақылшы бола білетін тұлға болу да маңызды деп санаймын. Өйткені адал еңбек пен жоғары жауапкершілік дәл осындай түсіністік пен тәртіпке құрылған қарым-қатынастан қалыптасады.

Қызмет болған соң түрлі қиындықтар мен шұғыл шешімді қажет ететін сәттер болады. Осындай жағдайда эмоцияға ерік бермей, сабыр сақтап, мәселенің оңтайлы шешімін әріптестермен бірлесе табу – басты қағидаларымның бірі.

Мен үшін қызмет пен лауазым – уақытша ұғым. Ең бастысы – қандай жағдайда да адамгершілік қасиеттерден аттамау.

Менің басты ұстанымым – адал еңбек, әріптестермен дұрыс қарым-қатынас және үздіксіз ізденіс.

#қарағандытілдердідамытубасқармасы #мемлекеттікқызмет #адалазамат

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1190631?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді