Облыстық олимпиадада информатика пәнінің үздік мұғалімі анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысының жалпы орта білім беру ұйымдарының информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Uzdik IT Ustaz» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді. Аталған іс-шара бір мезгілде Қазақстан Республикасының 14 облысында, сондай-ақ Астана, Шымкент және Алматы қалаларында ұйымдастырылып, жалпы саны 289 қатысушыны қамтыды.

Өңірлік кезеңге Ақмола облысынан 24 информатика пәні мұғалімі қатысты.
Олимпиада үш кезең бойынша өткізілді: бірінші кезең — онлайн форматта өткен үш іріктеу турынан, екінші кезең — облыстық деңгейдегі офлайн кезеңнен, үшінші кезең — қорытынды республикалық кезеңнен тұрды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, педагогтер үш сағаттық контест барысында esep.cpfed.kz онлайн-платформасында 5 есепті орындады. Бағалау Халықаралық информатика олимпиадасы (IOI) форматына сәйкес жүзеге асырылды: әрбір есеп 100 балдық шкала бойынша бағаланып, бірнеше қосымша тапсырмалардан тұрды. Қатысушылардың шешімдері автоматтандырылған тестілеу жүйесі арқылы тексерілді.

Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
І дәрежелі дипломмен:
– Қыпшақбай Жолбарыс Есенбайұлы – Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі марапатталды.
ІІ дәрежелі дипломмен:
– Тәжібай Аружан Мерекеқызы – Қосшы қаласының мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі;
– Абдрахманова Гүлбахыт Алмасовна – Жарқайың ауданы, Державинск қаласы, Ақпан Үкүбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі марапатталды.
ІІІ дәрежелі дипломмен:
– Дауренбек Нұртуған – Қосшы қаласы №3 мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі;
– Өмірхан Бақыт – Ерейментау ауданы, Бестоғай ауылының негізгі орта мектебінің информатика пәні мұғалімі;
– Өміртаева Гүлжан Арысбекқызы – Қосшы қаласы №3 мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі марапатталды.

Құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1190717?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді