Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестің отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 27 наурыз күні Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде Сараптамалық кеңестің отырысы өткізілді.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік қадағалау және бақылау комитетінің БҚО бойынша департаментінің және БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері қатысып, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру кезіндегі өзара іс-қимыл мәселелері, соның ішінде өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейту, нысандарға бірлесіп шығу, болған жазатайым оқиғалар туралы жедел ақпарат алмасу, арнайы тергеп-тексеру жұмыстарына оперативті түрде мамандарды бөлу жөніндегі мәселелер қаралды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-enbek/press/news/details/1190795?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді