
Астана қаласы ТЖД және «Astana Offroad» қоғамдық бірлестігімен төтенше жағдайларға әрекет ету кезінде өзара іс-қимылды ұйымдастыру жөніндегі меморандумға қол қойды.
Сондай-ақ меморандум аясында тараптардың күштері мен ресурстарын біріктіру, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және төтенше жағдайлардың салдарын азайтуға бағытталған авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарға қатысу көзделген.
«Astana Offroad» қоғамдық бірлестігі жолсыз жерлерде, соның ішінде қалың қар кезеңінде жұмыс істеуге арналған жол талғамайтын көліктер базасындағы жоғары өтімді техникамен жабдықталған. Бұл күштер мен құралдарды жедел жеткізуге, сондай-ақ қолжетімсіз аумақтардан халықты эвакуациялауға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-astana/press/news/details/1190237?lang=kk

Жауап қалдыру