«Ozyq Urpaq» жобасы аясында информатика мұғалімдері мен STEM бағытындағы педагогтеріне арналған кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 31 наурызында, Білім беру басқармасының облыстық ақпараттық технологиялар орталығының ұйымдастыруымен, Павлодар қаласының М. Әлімбаев атындағы ЖОМ базасында, «Ozyq Urpaq» білім беру жобасы шеңберінде өңір педагогтерін заманауи білім беру технологияларымен таныстыру, сондай-ақ инженерия, робототехника және бағдарламалау салаларында оқушыларды даярлау мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында өңірдің білім беру ұйымдарының информатика мұғалімдері мен STEM бағытындағы педагогтеріне арналған кездесу өтті.

Кездесуге облыстың мектептерінен 50 педагог қатысты. «Robotek» робототехника мектебінің директоры Санжар Жаксыбекович Шалкарбеков «MATRIX Robotics» білім беруге арналған робототехникалық жабдықтарын ұсынды.

«MATRIX Robotics» – тайваньдық KK Intelligent Technology Inc компаниясы жасап шығарған білім беру робототехникасы жүйелерінің халықаралық бренді.

Кездесу соңында қатысушылар сертификат алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1191015?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді