Павлодар облысында Қазақстандағы ең ірі энергетикалық жобалардың бірі – қуаты 1 ГВт болатын, энергия жинақтау жүйесімен жабдықталған жел электр станциясының құрылысы басталды. Салтанатты түрде «уақыт капсуласын» салу рәсімі ұлттық компаниялар мен халықаралық серіктестердің қатысуымен, соның ішінде бейне-конференц байланыс форматында өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жобаны «Самұрық-Энерго» және Qazaq Green Power PLC компаниялары таныстырды. «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Нұрлан Жақыпов пен ҚХР Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь құттықтау сөз сөйледі.

Облыс әкімі Асайын Байханов жобаның өңір мен ел үшін стратегиялық маңызын атап өтті.
– Жобаның құны 1,2 млрд АҚШ долларынан асады және өңірдегі ең ірі инвестициялық жобалардың қатарында. Құрылыс кезеңінде 1000 астам жұмыс орны ашылады, ал пайдалануға берілгеннен кейін шамамен 50 тұрақты жұмыс орны құрылады. Бұл Павлодар облысы үшін де, еліміз үшін де маңызды қадам, – деді өңір басшысы.

Инвесторлар 25 жыл бойы жыл сайын өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымына қолдау көрсетеді, ал ЖЭС құрылысы «жасыл» экономикаға көшудің символына айналады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-uiir/press/news/details/1190195?lang=kk

Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді