ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ САБАҚТАРЫ БАСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар облысының 110 білім беру ұйымында құқықтық мәдениет сабақтары басталды.

Бүгіннен бастап өңір бойынша «Заң және тәртіп» жобасы аясында сабақтар жүргізілуде. Бұл бастаманы кеңейту туралы шешім Алматы облысының Талғар ауданында өткен пилоттық жоба нәтижесінде қабылданды. Онда оқушылар арасындағы буллинг пен құқықбұзушылық деңгейінің төмендегені байқалды.

Оқушылармен жұмыс жүргізуге құқық қорғау органдарында қызмет атқарған тәжірибелі 72-ден астам тәлімгер тартылды. Олар «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтында екі күндік курстан өтті.

Сабақтар екі аптада кемінде бір рет өткізіліп, оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, құқықбұзушылықтың алдын алуға және жауапкершілікті мінез-құлықты дамытуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1190482?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді