
Кентау қаласында кезекті аппараттық мәжіліс өтіп, оған қала әкімі Жандос Тасов, әкім орынбасарлары, аппарат басшысы, бөлім және мекеме басшылары қатысты. Жиында екі мәселе қаралып, жауапты сала басшылары баяндама жасады.
Кентау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ердәулет Сапарбайұлы мемлекеттік сатып алу саласындағы ахуал бойынша баяндама жасады. Қалада сатып алу рәсімдері қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізілуде. Негізінен баға ұсыныстарын сұрату әдісі кеңінен қолданылып, ірі жобалар ашық конкурс арқылы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, бір көзден сатып алу үлесін азайтып, бәсекелестікті арттыру қажеттігі атап өтілді.
Сонымен қатар, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Талғат Искаков қаладағы табиғи газға қосылу барысы туралы баяндама жасады. Қазіргі таңда қала тұрғындарын табиғи газбен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Көпқабатты тұрғын үйлерді газ жүйесіне қосу бағытында жұмыстар жалғасып, тұрғындардан өтініштер қабылдануда. Газ қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы жұмысшы топ құрылып, түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Жиын қорытындысы бойынша қала әкімі Жандос Тасов мемлекеттік сатып алуда ашықтықты арттыру, бәсекелестікті күшейту, заң талаптарын қатаң сақтау, сондай-ақ тұрғын үйлерді табиғи газға қосу жұмыстарын жеделдету және қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша нақты тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1191099?lang=kk

Жауап қалдыру