Қарағандыда мас күйінде әрі жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгіндеген жүргізуші ұсталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағандыда мас күйінде әрі жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгіндеген жүргізуші ұсталды. Өткен сенбіге қараған түні Қарағанды қаласы Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері күдік тудырған автокөлікті тоқтатты. Құжаттарды тексеру және жүргізушімен әңгімелесу барысында полицейлер оның аузынан алкогольдің өткір иісін сезді. Тексеру барысында 36 жастағы қала тұрғынының қандай да бір көлік құралын басқаруға заңды құқығы жоқ екені анықталды.
Белгіленген тәртіппен жүргізілген медициналық куәландыру ер адамның мас күйде болғанын нақты растады. Аталған құқық бұзушылық бойынша жиналған әкімшілік материалдар сотқа жолданды. Ал құқық бұзушы мінген автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды. – Өкінішке қарай, бұл оқиға – өзекті мәселеге айналып отырған заң бұзушылықтың бір көрінісі. Жыл басынан бері Қарағанды қаласының өзінде мас күйінде көлік басқарудың 143 дерегі тіркелді. Әсіресе, бес жүргізушінің мас күйінде қайта ұсталып, оларға қатысты қылмыстық істердің қозғалуы алаңдаушылық туғызады. Бұл – олардың заң талаптары мен өзге азаматтардың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарайтынын көрсетеді, – деп атап өтті Қарағанды облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бағдат Какимов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/1190909?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді