
Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмауға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараның қорытындысын полиция қызметкерлері шығарды.
– Өңірде небәрі төрт күн ішінде тұрғылықты жері бойынша есепте тұрған 1494 адам тексерілді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша 185 қорғаныс нұсқамасы шығарылды, сотпен құқық бұзушылардың мінез-құлқына қатысты 79 ерекше талап белгіленіп, алкогольдік ішімдіктерді тұтынуға тыйым салынды. Әртүрлі құқық бұзушылықтар үшін 890-нан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Павлодар облысы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Азамат Күркебаев.
Мәселен, Павлодар қаласында рейд барысында полицейлер 48 жастағы ер адамның алкогольдік мас күйінде болып, бұрын белгіленген ерекше талаптарды бұзғанын анықтады. Құқық бұзушыға қатысты сот шешімін орындамағаны үшін әкімшілік материал толтырылып, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Тағы бір жағдайда ер адам жұбайымен жанжал шығарып, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, қиын өмірлік жағдайға тап болған 27 отбасыға көмек ұйымдастырылды.
Полиция қызметкерлері тұрғындарды қауіпсіздік мәселелеріне мұқият қарауға және кез келген күмәнді жағдайларда дер кезінде құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1191054?lang=kk

Жауап қалдыру