
Брюссель, 2026 жылғы 31 наурыз – Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі, Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі, Еуропалық Одақтағы және НАТО жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Роман Василенко НАТО Бас хатшысының Кавказ және Орталық Азия жөніндегі жаңа Арнайы өкілі Кевин Хамильтонмен кездесіп, Қазақстан мен НАТО арасындағы ынтымақтастықтың жай-күйін, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.
Роман Василенко Қазақстан үшін НАТО-мен ынтымақтастықтың басты мақсаты БҰҰ қамқорлығымен өтетін бітімгершілік миссияларына қатысу үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің бітімгершілік бөлімшелерін даярлау болып табылатынын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бітімгершілік әлеуетін нығайту саласындағы ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруға уағдаласты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1191129?lang=kk

Жауап қалдыру