Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен ШҚО Полиция департаментінің, ШҚО адвокаттар алқасының, ШҚО бойынша заң кеңесшілері палатасының өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 30 наурызында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен ШҚО Полиция департаментінің, ШҚО адвокаттар алқасының, ШҚО бойынша заң кеңесшілері палатасының өкілдерінің қатысуымен мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету мәселесі бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді.
«Дөңгелек үстел» барысында адвокаттар, заң консультанттар көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуде ақы төлеу бойынша шығарылатын қаулылардың проблемалық мәселелері талқыланды.
Жұмыс кездесуі барысында тұлғалардың мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу құқығын растайтын Құжаттар тізбесіне сәйкес қоса ұсыну қажеттілігімен және құқықтық кеңес беру актілері, сотқа дейінгі және сот органдарының шығарған қаулыларын шығарылған және (немесе) қол қойылған күннен бастап бір ай мерзім ішінде Әділет департаментіне ұсыну мерзімі туралы мәселе талқыланды.
Іс-шара соңында қатысушылар талқыланған мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, мемлекет кепілдік берген заң көмегі жүйесінде өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға сенім білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1190867?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді