
Шымкент қаласында Президент атынан елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградалар мен алғыс хаттарды тапсыру рәсімі өтті. Салтанатты жиынға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, марапаттарды табыстады.
Іс-шара барысында шаһар басшысы бұл марапаттардың – ел дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтардың көпжылдық табанды еңбегіне берілген жоғары баға екенін атап өтті. Оның айтуынша, марапат иелері экономиканың дамуына серпін беріп, әлеуметтік саланың өркендеуіне және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға айрықша үлес қосып келеді.
Марапатталғандар қатарында түрлі сала өкілдері бар. Олар өз кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, жауапкершілік пен адалдықтың үлгісін көрсетіп отыр. Олардың еңбегі – қоғам үшін маңызды, ал жетістіктері – ел дамуының нақты көрінісі.
Салтанатты рәсімде қала әкімі марапат иелеріне ризашылығын білдіріп, олардың кәсібилігі мен белсенді азаматтық ұстанымы алдағы уақытта да мемлекет игілігі жолында жалғасын табатынына сенім білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1190968?lang=kk

Жауап қалдыру