“Таза Қазақстан” акциясы: Абай облысында 4 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Абай облысында қоғамдық тәртіп пен экологиялық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында республикалық “Таза Қазақстан” акциясы жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Қалалар мен елдімекендерді абаттандыру қағидаларын сақтау, инфрақұрылым объектілерін қорғау, жасыл желектер мен саябақтарды бұзбау – акцияның негізгі міндеттерінің бірі болып отыр. Жыл басынан бері облыс аумағында жалпы 3987 құқық бұзушылықтың жолы кесілді, оның ішінде:

     – Қалалар мен елдімекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, инфрақұрылым объектілерін бүлдіру, жасыл екпелерді жою – 3553 факті;

     – Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау – 434 факті.

     Құқық бұзушылықтардың бір бөлігі жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы тіркеліп, құқық қорғау органдары тарапынан жедел шаралар қабылданды. Бұл – қоғамдық тәртіпті сақтау және экологиялық мәдениетті арттыру бағытында маңызды қадам.

– Тазалық – тек коммуналдық қызметтердің ғана емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Көп жағдайда құқық бұзушылықтар қарапайым ережелерді сақтамаудан туындайды. Біз тұрғындарды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, заң талаптарын бұзбауға шақырамыз. Әрбір адам өз ауласынан бастап тазалықты сақтаса, өңіріміз әлдеқайда көркейе түседі, – дейді учаскелік полиция инспекторлары.

     Полиция азаматтарға экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Халыққа тазалық пен тәртіпті сақтау қажеттілігі, қоршаған ортаны қорғау мен санитарлық талаптарды орындаудың маңызы кеңінен түсіндіріледі.

     “Таза Қазақстан” акциясы – тек құқық бұзушылықтарды анықтау емес, сонымен қатар қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаны сақтау мен қоғамдық абаттандыруға үлес қосу. Полиция тұрғындар мен қонақтарға қоғамдық тәртіп пен тазалық талаптарын қатаң сақтауды ескертеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1190987?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді