
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында округ әкімшілігінде округ әкімі ауылдың бірқатар белсенді азаматтарымен кездесу өткізіп, көше комитетін құру мәселесі бойынша арнайы жиын ұйымдастырды.
Жиын барысында көше комитетін құрудың негізгі мақсаты түсіндірілді. Атап айтқанда, әр көшеге жауапты бір азамат бекітіліп, ол өзіне қарасты көше тұрғындарына тазалық жұмыстарын уақтылы жүргізу қажеттігін түсіндіріп, ортақ іске жұмылдыру бағытында жұмыс атқарады. Бұл бастама ауыл ішіндегі тазалықты жүйелі түрде сақтауға, тұрғындардың жауапкершілігін арттыруға және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға негіз болады.
Сонымен қатар, аула маңындағы және көше бойындағы қоқыстарды шығару үшін арнайы техника жұмылдырылатыны айтылды. Қоқыс шығару қызметі бойынша бір техника құны 15 000 теңге көлемінде келісілді.
Жиын соңында тазалық сақтау – баршамызға ортақ міндет екені атап өтілді.
Табиғатты қорғау – әркімнің азаматтық парызы. Таза ауыл – берекелі өмірдің кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-ekpindi/press/news/details/1190703?lang=kk

Жауап қалдыру