«Таза Қазақстан»: санитарлық тазалық – басты назарда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұловтың төрағалығымен өткен мәжілісте «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы жұмыстар және аудан аумағындағы санитарлық тазалық мәселелері қаралды.

Жиында елді мекендердің тазалығын сақтау, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын бақылау бағытындағы шаралар талқыланды.

Қазіргі таңда аудан бойынша күл-қоқыс полигондары тек кейбір елді мекендерде ғана орналасқан. Соның салдарынан бірқатар ауылдарда заңсыз қоқыс орындары қалыптасып, экологиялық жағдайға кері әсерін тигізуде. Осыған байланысты, елді мекендердің шет аймақтарында бей-берекет қоқыс тастаудың алдын алу мақсатында бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар аудан аумағындағы барлық мекеме, кәсіпорындар мен ауылдық округ әкімдеріне өздеріне қарасты аумақтарды белгіленген мерзімге дейін абаттандыру, санитарлық тазалық жұмыстарын күшейту бойынша тапсырмалар берілді.

Иесіз қалған ғимараттардың жай-күйі де назарға алынды. Бұл бағытта қараусыз қалған нысандардың есік-терезелерін бекіту, ғимараттардың қасбетін ретке келтіру бойынша міндеттер тапсырылды. Бұдан бөлек, мал өлекселерін тастайтын арнайы қорымдардың жағдайы да қозғалып, оларды талапқа сәйкестендіру және тұрақты бақылауда ұстау қажеттігі айтылды.

Тазалық мәдениетін қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет екенін атап өткен Самат Қыдырбекұлы бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1191146?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді