Түркістанда байдарка мен каноэ есуден ел чемпионаты басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласындағы халықаралық есу арнасында байдарка мен каноэ есуден ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының көктемгі чемпионаты өз жалауын көтерді. Ел біріншілігі бұл нысанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
Республиканың 11 өңірінен келген 120 спортшы қатысып жатқан жарыс бес күнге жоспарланған. Ескекшілер 10 бағдарлама бойынша өзара мықтыны анықтап, чемпионат жүлделерін сарапқа салады. Аталған дода Қытайдың Хейфей қаласында өтетін Азия чемпионатына іріктеу кезеңі ретінде де маңызды.
Салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров және ескек есуден мемлекеттік жаттықтырушы Дәулет Айдарханұлы қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Жергілікті жанкүйерлер бұл сында түркістандық спортшылар — Ульяна Киселева, Артем Терешенко, Ольга Шмилева, Полат Туребеков және Раматулла Бекарыстан жүлде күтеді.
Айта кетейік, еліміздің үздік ескекшілері бас қосқан бұл чемпионатта тартысты бәсеке күтіледі. Спортшылар ұлттық құрама сапына ену үшін бар күш-жігерін салмақ.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tyulkubas-audany/press/news/details/1190806?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді