
Әдеп жөніндегі өкілдің 2026 жылғы 1 тоқсанға арналған жұмыс жоспарына сәйкес және «Адал азамат» жол картасын жүзеге асыруға қатысты Абай облысы, Үржар ауданы әкімдігі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы, деп есептелетін өкіл М. Бапинова Үржар ауданының жергілікті атқарушы органдары қызметкерлеріне онлайн форматында Абай облысы Үржар аудандық салық басқармасы өкілдерінің қатысуымен қаржылық бақылау шаралары туралы (декларация тапсыру) түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметте болуға байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен мемлекеттік қызметте болуға қатысты жалпы шектеулер, құмар ойындарға тыйым салу, мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдарға араласуына жол бермеуге бағытталған профилактикалық жұмыстар, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын сақтау, мүлікті сенімгерлік басқаруға беру, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері туралы, ұйымдағы жалпы моральдық-психологиялық климатты қалыптастыру және клиентке бағытталған сервис дағдыларын жетілдіру бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-urzhar/press/news/details/1191174?lang=kk

Жауап қалдыру