
Бүгін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырысқа аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары Бейсембин Дархан Машайұлы, бөлімдер мен мекемелердің басшылары қатысты.
Отырысты экономика және бюджетті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Амангелді Солтанұлы Сатыбалдин өткізді.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
✅ Уәлиханов аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 2-36 с “СҚО Уәлиханов ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы”шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
✅ Ауданда су тасқыны кезеңін дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар туралы
✅ Аудан халқының көші-қонын талдау, халық санын тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар
✅ Мансап орталығының жұмысы туралы
✅ Жер учаскелерін беру проблемаларын шешу және жер пайдаланушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар
✅ Мектептерді білікті педагог кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар туралы
✅ Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстау және кентішілік жолдарды күтіп ұстау туралы
Қаралған мәселелер бойынша тұрақты комиссияның қаулылары қабылданды, Уәлиханов ауданының бюджетін бекіту туралы мәселе сессияның қарауына енгізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ualmaslihat/press/news/details/1191111?lang=kk

Жауап қалдыру