Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында Ақжал кенті әкімдігінің мамандары кентіміздің ардақты ақсақалы, тыл ардагері Абжаппаров Рахметолла атамыздың шаңырағына барып, мерекемен құттықтады.
Кездесу барысында Шет ауданының әкімі Мұхит Сайлауұлы Мұхтаровтың атынан арнайы құттықтау тілектер айтылып, мерекелік азық-түлік себеттері табыс етілді.
Қарттарын қадірлеген елдің болашағы жарқын. Рахметолла атамызға зор денсаулық, қажымас қайрат пен ұзақ ғұмыр тілейміз! Төрімізден ақсақалдарымыз аман болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akzhal/press/news/details/1190906?lang=kk

Жауап қалдыру