Жәкула Күшікұлы атындағы химия және биология пәндерінен аймақтық олимпиадасынан – 3 орын

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Абай облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 25-27 наурыз аралығында Жәкула Күшікұлы атындағы химия және биология пәндерінен аймақтық олимпиадасы өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың химия мен биологияны оқуға қызығушылықтарын арттыру, талантты және дарынды оқушыларды анықтау, ғылыми білімді насихаттау, ғылыми дүниетанымды дамыту, оқушылардың зияткерлік дамуын және кәсіби бағыт-бағдарын қолдау.
Олимпиадаға Шығыс Қазақстан, Алматы, Павлодар және Абай облыстарының білім беру ұйымдарының 9-10 сыныптарының 120-ға жуық оқушысы қатысты.
Аймақтық Олимпиада 2 турда: теориялық және практикалық өткізілді. Олимпиада қорытындысы бойынша 10 сынып оқушысы Жеңісхан Мансұр биология пәнінен жүлделі ІІІ орын иеленіп, 30 мың теңге көлемінде сертификатпен марапатталды. Жетекшісі: биология пәні мұғалімі Тайтикенова Асель Сериковна Оқушымызды және ұстазын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!
 
 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kurchum-roo/press/news/details/1189649?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді