Құқық қорғау органдары жүйесінде бәрі жарғыдан басталады. Бұл жай ғана ережелер жиынтығы емес — әрбір қызметкердің қызметі, тәртібі мен жауапкершілігі құрылатын берік негіз.
Қызметтік-кәсіби даярлық басқармасының қызметкерлері жеке құраммен тұрақты түрде таңертеңгі саптық жиындар өткізеді. Оның барысында барлық талаптар тексеріледі: нысанды киім үлгісін сақтаудан бастап саптық даярлық деңгейіне дейін. Мұндай іс-шаралар жұмыс ырғағын қалыптастырып, жинақылық пен қызметке деген жауапты көзқарасты орнықтырады.
Күнделікті тәжірибе көрсеткендей, дәл осы тәртіп арқылы ішкі тәртіп қалыптасады. Қызметкер кез келген жағдайда тапсырмаларды дәл әрі жауапкершілікпен орындауға дағдыланады. Бұл — кәсіби қалыптасудың маңызды бөлігі және ол қызмет сапасына тікелей әсер етеді.
Бөлімше қызметкерлерінің айтуынша:
«Жарғы — тәртіп, ал тәртіп бар жерде заң бар».
Осы қағидаларды ұстану нәтижесінде заң мен тәртіпті күнделікті жұмысының ажырамас бөлігіне айналдырған ұйымшыл әрі біртұтас ұжым қалыптасады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1191047?lang=kk

Жауап қалдыру