2026 жылдың сәуір айындағы қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев тұрғындарды қабылдап, өтініштерін тыңдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда
   2026 жылдың сәуір айындағы қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев тұрғындарды қабылдап, өтініштерін тыңдады.
   Қабылдауға келген қала тұрғыны К.Қожантаев өзі тұрып жатқан Әйтеке би көшесі, № 19 көпқабатты тұрғын үйді қайта жаңғыртуды қажет ететінін және қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге тұрғындардың келісімі алынғанын, жеткізіп осы мәселенің оң шешілуіне ықпал етуді сұрады.
   Қала тұрғыны Ж.Қонақбаева «Бәйтерек – 1» тұрғын ауданы, 31 көшеге тас төсеп беруді сұрап, өтініш білдірді.
   Сонымен қатар, қабылдау барысында Қ.Аяп өзі тұратын Саяхат – 16 көшесіне жаңадан жарық желісінің жүргізілуіне және осы көше арқылы өтіп жатқан жылу құбырларының үстін жауып, асфальттануына ықпал жасауды сұрады.
   Мәслихат төрағасы қабылдау барысында көтерілген мәселелерді шешу бағытында тиісті жауапты органдарға хаттар жолданып, жұмыс жасалып, қорытындысы қосымша хабарланатынын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-orda/press/news/details/1191989?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді