
2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспары іс- шараларының 1 тараудың 1.3. тармақшасын орындау мақсатында Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Әдеп кодексі мен заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсініктеме беру үшін мемлекеттік қызметші М.А.Кенбаеваны жеке қабылдады.
М.А.Кенбаеваға қабылдау барысында мемлекеттік қызметке алғаш кірген ретінде ҚР Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің негізгі ережелері – мемлекеттік қызметтің әдеп қағидаттары, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттары бойынша түсініктеме берілді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметте болумен байланыс сыбайлас жемқорлыққа қарсы тыйымдар мен шектеулер мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/geology-wkn/press/news/details/1191889?lang=kk

Жауап қалдыру