«Әділет кеңес береді» акциясы.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 27-ші наурызында  Жамбыл облысы бойынша

Мемлекеттік корпорацияның филиалының жәрдемімен Т.Рысқұлов аудандық «Азаматтарға арналған үкімет корпорациясы» ғимаратында Т.Рысқұлов ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімімен, аудандық нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылар және аудандық мекеме басшыларының қатысуымен халыққа құқықтық көмек көрсету мақсатында ауыл тұрғындарын жеке сұрақтарымен қайырылу мақсатында қабылдау жүргізді.

 

Акция аясында сот орындаушылар, заңгерлер, адвокаттар мен нотариустар мен сарапшылар халыққа ақысыз заңгерлік көмек көрсетілді, сонымен қатар жергілікті атқарушы орган өкілдері азаматтарды қабылдады. Кез келген сұрақтарымен қайырылған азаматтар қажетті заңгерлік кеңес, сондай-ақ мемлекеттік орган өкілдерінен өзіне қажетті мәселелер бойынша түсініктеме алды.

 

 Акция барысында жер мәселесі, алимент, мұрагерлік және айыппұл мәселесі бойынша халық тарапынан сұрақтар қойылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb/press/news/details/1191776?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді