Айтыңызшы, жоспардан тыс тексеруге кімдер бастамашы бола алады және қандай негіздер бойынша жүргізіледі?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жоспардан тыс тексерулерді жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексімен реттеледі.

Ерекше бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) жоспардан тыс тексеру — бұл аумақтық бөлімшелер тағайындайтын тексеру.

Жоспардан тыс тексерулердің негіздері мыналар болып табылады:

1) егер ерекше бақылау және қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбаса және (немесе) бұзушылықтарды жоймаса, тексеру, мониторинг нәтижелері бойынша анықталған, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау;

2) дәлелді негіздер мен растайтын дәлелдемелер болған кезде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзушылықтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары;

3) адамның өміріне, денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша не зиян келтіру қаупі туралы прокурордың талаптары;

4) адамның өміріне, денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің, сондай-ақ жойылмауы адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзудың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың жолданымдары;

5) ерекше бақылау және қадағалау субъектісінің бастапқы тексерумен келіспейтіні (жедел ден қою шараларын қолданудың құқыққа сыйымсыздығы) туралы жүгінуіне байланысты қайта тексеру;

6) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша қылмыстық қудалау органының тапсырмасы;

7) тергеп-тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың жойылуын бақылау;

8) жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіздер болып табылатын бұзушылықтардың жойылуын бақылау;

9) бұзушылықтардың жасалған уақыты мен орны көрсетілген растайтын дәлелдемелер, оның ішінде оларды фото- және (немесе) бейнетіркеп-белгілеу болған кезде, ерекше бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілеріндегі) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзушылықтары белгілерінің болуы туралы масс-медиадағы хабарлар;

10) егер ерекше бақылау және қадағалау субъектісі бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулыларының орындалуы туралы ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбаса және (немесе) олардың орындалуын қамтамасыз етпесе, осындай қаулылардың орындалуын бақылау.

Анонимдік жолданымдар берілген жағдайларда жоспардан тыс тексерулер жүргізілмейді.

Ерекше бақылаудың және қадағалаудың нақты субъектілеріне (объектілеріне) қатысты анықталған және жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған фактілер мен мән-жайлар, сондай-ақ егер қызмет және (немесе) объект халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асырудың рұқсат беру не хабарлама жасау тәртібіне жататын болса, рұқсаттың немесе қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаның болуы не болмауы мәселелері жоспардан тыс тексеруге жатады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1191858?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді