Ақшалай легализация: заңсыз көші-қон схемасы әшкереленді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көлік прокуратурасының бастамасымен шетелдіктердің Қазақстанда болуын заңсыз заңдастыруға көмектескен топтың әрекеті тоқтатылды.

Орталық Азия елдерінің 5 мыңнан астам азаматы ақшалай сыйақы үшін жұмысқа рұқсат, уақытша тұруды тіркеу және елде болу мерзімін ұзарту қызметтерін алған.

Қылмыстық схемаға Көші-қон қызметінің, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Астана қаласындағы филиалының қызметкерлері және заңсыз әрекетті ұйымдастыруға қатысы бар басқа да тұлғалар кірген.

Күдіктілердің іс-әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің келесі баптары бойынша сараланады:

366-бап (пара алу), 367-бап (пара беру), 368-бап (парақорлыққа делдал болу), 394-бап (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру), 190-бап (алаяқтық).

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

 

Бас көлік прокуратурасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gtp/press/news/details/1192001?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді