Атырауда «Қош келдің, әз Наурыз» мерекесі кең көлемде аталып өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қалада өткен ауқымды мәдени іс-шараға 25 мыңнан астам тұрғын мен қонақ жиналып, Ұлыстың ұлы күнін ерекше көңіл-күймен қарсы алды. Бүгінде әлем жаңа технологиялық кезеңге қадам басуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, адамзат жасанды интеллект дәуіріне еніп отыр. Осыған орай, Қазақстанда 2026 жыл «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жарияланып, инновациялық даму мен озық технологияларды енгізуге айрықша мән берілуде. Осы бастаманы негізге алған «Қош келдің, әз Наурыз» мәдени шарасы дәстүр мен заманауи технологияның үйлесімін көрсетуді мақсат етті. Мереке аясында ұлттық құндылықтар, Атырау өңірінің көркем табиғаты мен бай тарихи мұрасы заманауи цифрлық форматта жаңаша сипат алды. Көрермендерге мультимедиялық инсталляциялар мен интерактивті технологиялар арқылы ұсынылған бұл жобалар ерекше әсер қалдырып, мерекенің мазмұнын жаңа деңгейге көтерді. Іс-шараның басты идеясы – дәстүрлі сахналық өнерді заманауи технологиялармен ұштастыра отырып, мәдени кеңістіктің жаңа үлгісін қалыптастыру. Концерттік бағдарламада жүргізушілер мен жасанды интеллект бірлесіп жұмыс істеп, мазмұны терең, форматы жаңашыл қойылым ұсынды. Мерекелік кеш “Алатау серілері” тобы мен Әділет Жауғашардың концерттік бағдарламасымен жалғасып, Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі және Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармония өнерпаздарының гала-концертімен қорытындыланды. Ауқымды шара ұлттық дәстүр мен заманауи мәдениеттің үйлесімін айшықтап, Наурыз мерекесінің жаңа форматтағы жарқын үлгісін көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-madeniet/press/news/details/1191288?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді