
Аудан әкімі А. Шуиншалиев аудан прокуроры Н. Тұрышовпен бірлесіп кәсіпкерлер мен инвесторларды кезекті жеке қабылдауын өткізді.
Қабылдау барысында кәсіпкерлік пен инвестициялық қызметті дамытуға қатысты өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, 2025 жылдан бастап іске асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы аясында несиелік қаражат алу тетіктері талқыланды.
Сондай-ақ қатысушылар тарапынан жайылымдық жерлерді алу және бау-бақша шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері көтерілді. Бұдан бөлек, ауылдық округтер аумағында орналасқан гидротехникалық құрылыстарды (бөгеттерді) балық шаруашылығын дамыту мақсатында жалға беру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару шаралары талқыланды.
Қаралған барлық мәселелер бойынша өтініш иелеріне жан-жақты түсіндірмелер беріліп, оларды іс жүзінде жүзеге асырудың нақты тетіктері ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-akai/press/news/details/1191981?lang=kk

Жауап қалдыру