
Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Аппараттық жиында көктемгі дала жұмыстарының барысы, егін егу науқанына дайындық, елді мекендерде санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында сенбіліктер ұйымдастыру, сондай-ақ ветеринариялық алдын алу шаралары (төрт түліктен қан алу) мәселелері жан-жақты қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты сала басшыларының баяндамалары тыңдалып, атқарылып жатқан жұмыстарға талдау жасалды. Аудан әкімі тиісті салалардағы жұмысты күшейтуді және белгіленген мерзімдерді сақтай отырып, тапсырмаларды сапалы орындау қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, елді мекендерді абаттандыру, көктемгі су тасқынының алдын алу шараларын уақытылы жүзеге асыру және ауыл шаруашылығы жұмыстарын үйлестіру бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Жиын қорытындысы бойынша барлық тапсырмалардың орындалуы тұрақты бақылауда болатыны ескертілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-marzhanbulaq/press/news/details/1192046?lang=kk

Жауап қалдыру