Егіндікөл аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезекті 38-сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Егіндікөл аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезекті 38-сессиясы өтті

2026 жылғы 31 наурызда Егіндікөл аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезекті 38-сессиясы өтіп, онда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

Бірінші мәселе аясында депутаттар Егіндікөл желілік учаскесінің бастығы Романов Сергей Ивановичтің аудан халқын электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндамасын тыңдады. Электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру және апаттық жағдайларды азайту бойынша тиісті шаралар қабылданып жатқаны атап өтілді.

Екінші мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Әбіш Қайыргелді Қырықбайұлы 2022 жылғы 24 наурыздағы № 7С18-3 шешімнің орындалуы туралы баяндады. Аталған шешім төтенше жағдайлардың алдын алу және су тасқыны жағдайының күрделенуіне жол бермеуге бағытталған. Бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқаны айтылды.

Үшінші мәселе барысында Егіндікөл ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Муллаянова Галина Сергалиевна әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына енгізілетін өзгерістер туралы ақпарат берді. Өзгерістер халыққа көрсетілетін әлеуметтік көмектің атаулылығын және тиімділігін арттыруға бағытталған.

Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарына өзгерістер енгізу мәселесі бойынша ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Кантемиров Алексей Сергеевич баяндама жасады. Жайылым ресурстарын тиімді пайдаланудың жаңартылған тәсілдері ұсынылды.

Сонымен қатар, депутаттар 2026 жылға арналған шетел азаматтары үшін туристік алым мөлшерлемелерін бекітті.

Бұдан бөлек, аудан әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия құрамына өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.

Қаралған барлық мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.

Сессия соңында аудандық мәслихаттың келесі отырыстарында қаралатын негізгі мәселелер айқындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-egin/press/news/details/1192068?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді