Еңбек қатынастарын цифрландыру – басты басымдық

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қонаев қаласында қалалық үшжақты комиссия отырысы өтті. Жиында еңбек заңнамасындағы өзгерістер, электрондық еңбек шарттары, ұжымдық шарттар (коллективтік шарттар) және қызметкерлерді міндетті сақтандыру мәселелері талқыланды.

Нәтижесінде жұмыс берушілерге:
✔️ Enbek.kz арқылы электрондық еңбек шарттарын рәсімдеу
✔️ ұжымдық шарттар санын арттыру
✔️ қызметкерлерді міндетті сақтандыруды қамтамасыз ету
✔️ әлеуметтік аударымдарды уақытылы төлеу

бойынша нақты тапсырмалар берілді.

👉 Мақсат – еңбек жанжалдарының алдын алу және қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын күшейту.

📍 Қонаев қаласы
📅 2026 жыл

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-enbek/press/news/details/1191825?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді