
«Еңбек шартын жасасыңыз!» іс-шарасы жалғасуда.
2026 жылдың 31 наурыз күні кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмыскерлердің құқықтарын қорғау, әділ еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, еңбек жанжалдарын болдырмау және еңбек заңнамасын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыс жоспарының аясында, ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Г.Сеитова «Зере» жалпы білім беретін мектебі ЖШС-нің басшылығы мен жұмыскерлері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында жұмыс орнында әділ еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, еңбек жанжалдарын болдырмау және еңбек заңнамасын сақтау, сондай-ақ, еңбек мәдениетін арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbek-inspekstiaysy/press/news/details/1191435?lang=kk

Жауап қалдыру