
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінде Ж.Жабаевтың 180 жылдық мерейтойын ұлықтау шарасы өтті.
Ұлт руханиятын насихаттау және ақын, жыршы Ж.Жабаевтың шығармашылық мұрасын жастарға таныстыру мақсатында өткізілген облыстық мәнерлеп оқу байқауына Қызылорда қаласындағы колледждер мен кәсіби білім беру ұйымдарының студенттері қатысты. Ақынның елдік, Отан, жеңіс, туған жер тақырыбындағы өлеңдерін жатқа оқыған қатысушылар байқау ережесіне сәйкес жан-жақты бағаланды.
Байқауға Облыстық тілдерді оқыту орталығы директорының орынбасары Ж.Ерекешова әділ қазы ретінде қатысты.
Байқау жеңімпаздарына арнайы Дипломдар мен Алғыс хаттар, сыйлықтар табысталды.
Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-sayasat/press/news/details/1191934?lang=kk

Жауап қалдыру