Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының атына ел аумағында инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатқан инвесторлардан алғыс хаттар келіп түсті. Хатта Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті мен прокуратура органдарының бизнес құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы жұмысының тиімділігі атап өтілген.
Атап айтқанда, «ЛУКОЙЛ» компаниясы, «GAZ&MҰНАЙ» ЖШС және «КОМЕК МАШИНИРИ» ЖШС инвесторлары Абай облысы және Астана қаласының прокуратурасына алғыс білдірді.
Олардың бағалауынша, прокурорлар қабылдаған шаралар мемлекеттік органдар тарапынан туындаған заңсыз әкімшілік кедергілерді жоюға және инвестициялық жобаларды тұрақты іске асыруды қамтамасыз етуге көмектескен.
«Аталған жұмыстың нәтижесі – кәсіпкерлердің кедергісіз қызмет етуіне жағдай жасау, мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз кедергілерді жою және соның нәтижесінде Қазақстанға инвестициялар ағынының артуы. Біздің жағдайды мысал ретінде алсақ, прокуратура органдары тарапынан жүргізілетін бақылау инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың тиімді әрі нақты тетігі екенін көрсетеді», – делінген инвесторлардың хатында.
Сондай-ақ Қостанай облысында өндірістік жобаны жүзеге асырып жатқан «S.M.F. – System» тоқыма емес материалдар фабрикасы» ЖШС-дан алғыс хат келіп түсті.
Онда Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитеттің үйлестіруімен Қостанай ауданының прокуратурасы прокурорлық қадағалау актілерін енгізгені айтылған.
Нәтижесінде жасалған мүлікті сенімгерлік басқару шартын негізсіз бұзу әрекетінің жолы кесіліп, кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Инвесторлар мұндай тәжірибе бизнестің мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға, қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыруға және Қазақстан Республикасында заң үстемдігі қағидатын қамтамасыз етуге ықпал ететінін атап өтеді.
Олар Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына, прокуратура органдарына және Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіне принципшілдігі, жоғары кәсібилігі және инвесторлар құқықтарын тиімді қорғағаны үшін алғыс білдірді.
Анықтама: Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитет инвестициялық жобаларды жүйелі түрде сүйемелдеп, мемлекеттік органдар және прокуратура органдарымен өзара іс-қимыл жасау арқылы әкімшілік кедергілер мен туындайтын мәселелерді жедел шешуді қамтамасыз етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzpi/press/news/details/1191284?lang=kk

Жауап қалдыру