
Астана қаласының полицейлері заңмен тыйым салынған орындарда кальян шегу деректерін анықтау және жолын кесуге бағытталған профилактикалық іс-шараларды жалғастыруда. Жыл басынан бері қоғамдық орындарда кальян мен темекі өнімдерін тұтынуға байланысты 2400-ден астам құқық бұзушылық тіркелді.
Рейдтердің бірінде полицейлер қалалық мекемелердің бірінде заң бұзушылықты анықтады: келуші ғимарат ішінде кальян шеккен, бұл заң талаптарына қайшы келеді. Аталған дерек бойынша оған ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы 1-бөлігіне сәйкес, тыйым салынған жерде темекі шеккені үшін әкімшілік хаттама толтырылды.
Естеріңізге саламыз, Қазақстан аумағында мейрамханаларда, барларда, клубтарда және басқа да қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салынған.
Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарды қолданыстағы заңнаманы сақтауға, ал мекеме иелерін белгіленген талаптардың орындалуын бақылауға шақырады. Профилактикалық рейдтер жалғасатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1192031?lang=kk

Жауап қалдыру