
2026 жылдың 1 сәуірден бастап кезекші Халыққа қызмет көрсету орталығының мекенжайы өзгеретінін хабарлаймыз.
Өзгеріс енгізілген соң тұрғындар сағат 09:00-ден сағат 20:00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13:00-ге дейін Тургенев көшесі мекенжайында орналасқан №1 ХҚКО-нан қызмет ала алады.
Ал кезекші МХҚКО-ларда (мекенжайы: ш.а.. Алтын Орда, 21б) жұмыс күндері өтініштер сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылданады, дайын құжаттар 20:00-ге дейін беріледі. Сенбі күні өтініштер 09:00-ден 12:00-ге дейін қабылданып, дайын құжаттар 13:00-ге дейін беріледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-akt/press/news/details/1191643?lang=kk

Жауап қалдыру