Өскеменде есірткілік масаң күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өскеменде есірткілік масаң күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзу деректерін анықтауды жалғастыруда.

Патрульдеу барысында «Өскемен – Риддер» тасжолының Грейдерная көшесі бойында полицейлер «ВАЗ-2114» маркалы автокөлікті тоқтатқан.

Тексеру кезінде көлік тізгінінде бұрын 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылған 23 жастағы ер адам болғаны анықталды. Тыйым салынғанына қарамастан, ол қайтадан рөлге отырған. Медициналық куәландыру оның каннабиноидтарды қолдану салдарынан есірткілік масаң күйде болғанын растады.

Қазіргі уақытта автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Жүргізушіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Полицейлер алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде көлік басқару жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1191700?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді