Ойылда балаларға психологиялық-педагогикалық көмек күшейтілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева Ойыл ауданындағы психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің жұмысымен танысты. Ойыл психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсетіледі. Мекемеде 25 педагог қызмет етеді. Қазіргі таңда барлығы 76 балаға қызмет көрсетілуде. Кабинетке келетін балалардың 25-і аудан орталығынан болса, қалғандары ауылдық елді мекендерден қатынап, түзету-дамыту сабақтарына қатысады.
Балалардың психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып, түзету-дамыту сабақтары жеке және топтық форматта ұйымдастырылады. Әр балаға диагнозына сәйкес аптасына 2–3 рет, кей жағдайларда 4 ретке дейін сабақ өткізіледі.
Сапар барысында басқарма басшысы көрсетілетін қызметтердің сапасына, материалдық-техникалық жағдайына және мамандардың жұмысына назар аударып, алдағы уақытта қызметті жетілдіру бойынша тиісті тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1191255?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді