
2026 жылғы 27–29 наурыз аралығында Астана қаласындағы «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде ат спортының конкур түрі (кедергілерден өту) бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аталған чемпионат республикалық деңгейдегі маңызды спорттық іс-шаралардың бірі болып табылады және ат спортының дамуы мен насихатталуына, шабандоздардың спорттық шеберлігін арттыруға, сондай-ақ елдің үздік спортшыларын анықтауға бағытталған.
Жарыс бағдарламасына Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) талаптары мен стандарттарына сәйкес әртүрлі деңгейдегі маршруттар енгізілді.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
№1 маршрут, «А» тобы (130 см):
1 орын — Олег Соколенко / Cinderella (Prestige Horse Club)
2 орын — Ксения Баталова / Lady Di (КСК «Дарнис»)
3 орын — Ясмин Ибрагимова / Quattro VDB (Haragun Stables)
№2 маршрут, «В» тобы (120 см):
1 орын — Раиса Соколенко / Clue Gold (Prestige Horse Club)
2 орын — Олег Соколенко / Coriander (Prestige Horse Club)
3 орын — Олег Соколенко / Shenanigan (Prestige Horse Club)
№3 маршрут, «А» тобы (140 см):
1 орын — Нурила Турисбекова / Journey (КСК «Дарнис»)
2 орын — Олег Соколенко / Cinderella (Prestige Horse Club)
3 орын — Ислам Исламов / Barsalla D Loren (жеке ат иесі)
№4 маршрут, «В» тобы (130 см):
1 орын — Олег Соколенко / Coriander (Prestige Horse Club)
2 орын — Бекжан Байжанұлы / King Diamond (КГКП «ДРС по Н и КВС», Алматы облысы)
3 орын — Олег Соколенко / Shenanigan (Prestige Horse Club)
Қазақстан Республикасының ат спорты бойынша ұлттық құрамасының бас бапкері Асет Толқымбеков аталған бағыттағы оң даму қарқынын атап өтті:
«Соңғы жылдары конкур тұрақты өсім көрсетіп келеді, әсіресе Астана қаласында. Қазір көптеген балалар ат спортымен айналысуға қызығушылық танытуда. Даму қарқыны негізінен ірі қалаларда – Шымкент, Алматы, Астана, Алматы облысы және Қарағандыда байқалады. Түркістан облысында әзірге балалар спорты деңгейінде дамып келеді».
Қазақстан Республикасының конкур бойынша чемпионаты ұлттық ат спорты күнтізбесіндегі маңызды оқиғалардың бірі ретіндегі мәртебесін тағы да растады. Бұл турнир үздік спортшыларды анықтауға және жастар арасында ат спортына қызығушылықты арттыруға ықпал етті.
Чемпионат Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің, РМҚК «РУМАЦ», Қазақстан Республикасы Ат спорты федерациясының, сондай-ақ Kazzinc компаниясының демеушілік қолдауымен өткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-sport/press/news/details/1192131?lang=kk

Жауап қалдыру