Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сауд Арабиясы Корольдігінің Елшісін қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана, 2026 жылғы 1 сәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Файсал Әл-Кахтаниді қабылдады.

Кездесу барысында тараптар Таяу Шығыстағы жағдайды қоса алғанда, аймақтық және жаһандық өзекті мәселелерді, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талқылады.

Е.Көшербаев аймақта қалыптасқан қауіпті әскери шиеленіске қатысты алаңдаушылығын білдіріп, жанжалды халықаралық құқық қағидаттарына сәйкес дипломатиялық жолмен шешудің маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты, Корольдіктің шиеленісті тоқтату мен жағдайды тұрақтандырудағы маңызды рөлі атап өтілді.

ҚР Сыртқы істер министрі Сауд Арабиясы аумағынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялауға көмектескені үшін Елшіге алғысын білдірді. Отандастардың қауіпсіздігін және Қазақстанға оралуын қамтамасыз ету біздің еліміз үшін басымдық болып табылатыны атап өтілді.

Өз кезегінде, саудтық дипломат сан қырлы ынтымақтастығымызды тереңдету үшін Қазақстанның сыртқы саяси мекемесімен тығыз серіктестікті одан әрі қуаттауға дайын екенін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1192128?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді