Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 27 наурызда Үлкен Нарын ауылында, «AMANAT» партиясының аудандық филиалы ғимаратында Үлкен Нарын ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырысқа Қоғамдық кеңес мүшелері, Үлкен Нарын ауданы ТЖБ-ның аға инженері Теміржанова Жадра Нуралбековна, Ново-Хайрузов, Солоновка, Алтынбель және Ново-Поляков ауылдық округтерінің әкімдері, сондай-ақ Үлкен Нарын ауданының «НарынКомХозСервис» КМК басшысы Сүлейменов Марат Ахметқалиевич қатысты.

Отырыс барысында келесі мәселелер қаралды:

🔹 су тасқынының алдын алу және оның салдарын төмендету бойынша қабылданған шаралар;

🔹 ауылдық округтер шекаралары көрсеткіштерінің абаттандырылуы және санитарлық жай-күйі;

🔹 Үлкен Нарын ауылындағы жылыту маусымының өту барысы және тұрғындарды жылумен қамтамасыз ету сапасы.

Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес тарапынан тұрғындарды жылумен қамтамасыз ету сапасын арттыруға, ауылдық округтердегі санитарлық жағдайды және абаттандыру жұмыстарын жақсартуға, сондай-ақ коммуналдық қызметтер бойынша берешегі бар тұлғалармен жұмысты күшейтуге бағытталған бірқатар ұсынымдар әзірленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1191783?lang=kk