
Құқық кабинеті — бұл ауылдық аумақтардағы тұрғындар үшін заңды ақпарат пен көмекті тегін алуға болатын орын. Мұнда азаматтар өз құқықтары туралы біле алады, заңдармен танысады, мемлекеттік сервистерді (eGov, e-Otinish және т.б.) пайдаланып, тұрмыстық, әлеуметтік және құқықтық мәселелер бойынша кеңес ала алады.
«Құқық кабинетінің» негізгі мақсаты — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын өз бетінше зерделеу дағдыларын қалыптастыру.
Құқық кабинеті компьютерлік техникамен жабдықталған және интернет желісіне қосылған, бұл құқықтық ақпараттың электрондық дерекқорларына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Амангелді ауданы бойынша «Құқық кабинеті» төмендегідей мекенжайларда жұмыс істейді:
|
№ |
Елді мекен атауы |
Мемлекеттік орган |
Мекенжайы
|
|
1 |
Амангелді ауылы |
«Амангелді ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Амангелді ауылы, Б.Майлин көшесі, 14 үй |
|
2 |
Амангелді ауылы |
«Амангелді ауданы Амангелді ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ |
Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Амангелді ауылы, А.Байтұрсынов көшесі, 48 үй |
|
3 |
Амантоғай ауылы |
«Амангелді ауданы Амантоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ |
Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Жалдама ауылы, М. Мәметова көшесі, 8 үй |
|
4 |
Ақсай ауылы |
«Амангелді ауданы Ақсай ауылы әкімінің аппараты» ММ |
Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Ақсай ауылы, Бейбітшілік көшесі, 3 үй |
|
5 |
Байғабыл ауылы |
«Амангелді ауданы Байғабыл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ |
Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Байғабыл ауылы, Байқадамов көшесі, 13 үй |
|
6 |
Кабырга ауылы |
«Амангелді ауданы Қабырға ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ |
Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Кабырга ауылы, 2-үй, 3-үй |
|
7 |
Қарасу ауылы |
«Амангелді ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ |
Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Қарасу ауылы, Қ.Есполов көшесі, 15 үй |
|
8 |
Құмкешу ауылы |
«Амангелді ауданы Құмкешу ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ |
Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Құмкешу ауылы, Күмісбай Әулие көшесі, 1 үй, Школьная көшесі 1A |
|
9 |
Тасты ауылы |
«Амангелді ауданы Тасты ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ |
Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Тасты ауылы, Б. Әбенов көшесі, 20 үй
|
|
10 |
Үрпек ауылы |
«Амангелді ауданы Үрпек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ |
Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Үрпек ауылы, Жангелдин көшесі, 10 үй
|
|
11 |
Үштоғай ауылы |
«Амангелді ауданы Үштоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ |
Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Үштоғай ауылы, Школьная көшесі, 1A үй |
Тұрғындарды «Құқық кабинетінің» мүмкіндіктерін пайдалануға шақырамыз.
«Амангелді ауданы әкімінің аппараты» ММ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-amangeldi-audany-akimat/press/news/details/1191949?lang=kk

Жауап қалдыру