
Қоршаған ортаның тазалығы – әрқайсымызға байланысты. Табиғатқа және қоғамдық кеңістіктерге ұқыпты қарау – бұл қаладағы өмір сапасы мен жайлылықтың негізі. Абаттандыру қағидаларын сақтау – әрбір тұрғынның міндеті.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы талаптарын сақтау қажеттігін еске саламыз.
Құқық бұзушылықтарға жатады:
— қоқысты белгіленбеген орындарға тастау
— қалдықтарды контейнерлерден тыс жерлерге жинау
— ортақ пайдаланылатын аумақтарды ластау
— жасыл желектерді бүлдіру
— іргелес аумақтарды уақтылы тазаламау
Жауапкершілік шаралары:
- жеке тұлғалар — 20 АЕК (73 840 теңге)
- шағын кәсіпкерлік субъектілері — 30 АЕК (110 760 теңге)
- орта кәсіпкерлік субъектілері — 40 АЕК (147 680 теңге)
- ірі кәсіпкерлік субъектілері — 100 АЕК (369 200 теңге)
Қайта құқық бұзушылық жасаған жағдайда айыппұл мөлшері ұлғаяды.
Қаламыздың тазалығы мен тәртібін бірге сақтайық! Әрбіріміздің жауапкершілігіміз – таза әрі жайлы орта қалыптастыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1192125?lang=kk

Жауап қалдыру