
Мемлекеттік және жеке ұйымдардың басшылары!
Шағын және орта кәсіпкерлік иелері!
Қосшы қаласында 2 сәуір күні сағат 15.00. де таза бейсенбілік өтеді!
Құрметті азаматтар!
Баршаңызды Қосшы қаласын тазалау акциясына белсенді атсалысуға шақырамыз!
Бұл қала әкімдігінің, бизнестің және азаматтық қоғамның таза қаланы құру жолындағы күш-жігерін біріктіретін экологиялық шара!
Таза қоршаған орта – халық денсаулығының кепілі!
Қосшы біздің ортақ үйіміз!
Ортақ үйімізді таза ұстайық!
Құрметті кәсіпкерлер!
Өзіңіз кәсіп жасап отырған аумақтың тазалығы өз жауапкершілігіңізде екенін ұмытпаңыз!
Жиналған қоқыстар орталықтандырылып шығарылатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kosshy/press/news/details/1191953?lang=kk

Жауап қалдыру