
Катонқарағай ауданына қарасты Барлық ауылы маңындағы Бұқтырма өзенінде мұзды ұсақтау мақсатында профилактикалық жарылыс жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 21 000 шаршы метр аумақта мұз бұзылды.
– Ұсақталған мұз өзен арнасымен жеңіл өтіп, мұз кептелісі қаупін азайтады. Бұл шаралар өзендегі су деңгейінің күрт көтерілуіне жол бермеу және елдімекендерді су басу қаупінің алдын алу мақсатында жүргізілді, – деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінде.
Өңірде өзендерге мониторинг жүргізу жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1191468?lang=kk

Жауап қалдыру