«Тегін заң көмегі» акциясы аясында қоғамдық қабылдау өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 20 наурыз күні Атырау облысы Әділет департаменті басшысы Г.У. Кыстаубаеваның, нотариустың, адвокаттың және жеке сот орындаушыларының қатысуымен «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» қағидаттарын ілгерілету мақсатында №2 Халыққа қызмет көрсету бөлімінде құқықтық мәселелер бойынша «Тегін заң көмегі» акциясы аясында қоғамдық қабылдау өткізілді.
Қоғамдық қабылдаудың негізгі мақсаты – азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсету арқылы құқықтық қолдау білдіру, сондай-ақ азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын артыру, заңнама аясындағы өзекті сұрақтарына жауап беру.
Акция барысында азаматтар алимент өндіру, берешекке байланысты жеке шоттардың бұғатталуы және оны ашу жөніндегі сауалдарымен жүгініп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптар алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1191925?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді