
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының тапсырмасына сәйкес, қала аумағында жол қауіпсіздігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтқанда, Яссы секторына қарасты А.Юсупов және Мұсақұлов көшелерінің қиылысындағы атауы жоқ көше бойына, сондай-ақ Қазыбек би көшесінің бойына жеке кәсіпкер Болат Қалмұрзаевтың демеушілігімен жаяу жүргіншілер өткелдері сызылып, тиісті жол белгілері орнатылды.
Жүргізілген жұмыстар жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуге, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және қаланың инфрақұрылымын жүйелі түрде дамытуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1191571?lang=kk

Жауап қалдыру